Білім беру көшбасшыларының республикалық кадрлық резервіне өңірімізден он педагог өтті

Білім беру көшбасшыларының республикалық кадрлық резервіне өңірімізден он педагог өтті

Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқу-ағарту министрлігі Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша енгізген және пилоттық режимде іске асырылып жатыр.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жобаның негізгі міндеттері педагогтердің кәсіби қасиеттерін даярлау сапасын жақсарту және соның негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру деп есептейді.

Резервшілер бірінші басшының бос лауазымына конкурстық рәсімдерсіз тағайындалады. Барлық кезеңдерден сәтті өтіп, сертификат алғандарға «басшы-көшбасшы» біліктілік санаты беріледі.

Бастапқы кезеңде жобаға қатысуға 8 мыңнан астам адам тіркелген болса, оның 2809-ы тестілеуден өтті. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келетін 208 үміткер басшылардың республикалық кадрлық резервіне енгізілді.

Республикалық кадрлық резервіне күрделі оқу қорытындысы бойынша Қостанай облысының 10 кандидаты енді.

Бұл Алтынсарин, Қостанай аудандары мен Қостанай қаласы әрқайсысынан екі педагогтен және Сарыкөл, Қарасу, Меңдіқара аудандары мен Рудный қаласынан бір педагогтен. Айта кетерлігі, резервшілердің басым бөлігі – ауыл мектептерінің педагогтері.

Кадрлық резерв жаңа үлгідегі көшбасшылармен, білім беру менеджерлерімен толықтырылды, олардың алдында көптеген маңызды міндеттер тұрғаны белгілі. Қостанай облысында таяу жылдары 9 мектеп, оның 8-і «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынады. Жаңа мектептердің директорлары қызметіне резервшілер тағайындалады.

2024 жылы тек мектептерден ғана емес, білім беру ұйымдарының барлық деңгейлерінің педагогтері, яғни мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтері кадр резервіне түсуге жаңа кандидаттар бола алады.

Жаңалықтармен бөлісу