Дарынды мектептерге балаларды  қабылдау басталды

Дарынды мектептерге балаларды  қабылдау басталды

Қостанайда  дарынды балаларға арнайы  мамандырылған бірнеше  мектеп бар. Аталаған   білім ордаларына үміткерлерді қабылдау бүгінде басталып кетті. Өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында осы  оқу-орындарының  басшылары   қабылдау ережелерімен таныстырып шықты.

«Қазіргі  таңда  ата-аналарға  арнайы  сайт арқылы  тіркелу қарастырылған. Сол жерден   өздеріне қажетті мектепті таңдап алады. Жақын арада аудандарға сапарға шығамыз.  Бірнеше мектепті таңдайтын ата-аналар да бар. Сол кісілерге білім ордамыздың жайын түсіндіреміз. «Озат» мектебіне балаларды жетінші сыныптан қабылдаймыз. Бір сынып мемлкеттік, екі сынып орыс тілінде білім береді. Бізде елу төрт орын бар. Бір орынға төрт баладан келеді», – дейді  «Озат» ақпараттық технолониялар мамандандырылған мектеп-лицей интернатының  директоры  Рамазан Раисов.

Ал Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясына балалар бесінші сыныптан қабылданады. Үміткерлер daryn.kz сайты арқылы он бесінші сәуірге дейін онлайн тіркеле алады.

«Құжаттарды тапсыруға мүмкіндігі жоқ балалармен арнвйы мамандар бар жұмыс істейтін болады. Ол үшін ата-ананың заңды өтініші, туу туралы куәлігінің көшірмесі, баланың қай оқу орнында оқығаны туралы мөрімен бекітілген анықтамасын екі фото суретімен беру керек», – дейді  осы оқу орының директоры Ырысалды Келінбердиева.

Егер құжат тапсырған бала  осал топқа жататын болса, растайтын құжаты да артық емес. Білім ордасында ол үшін он бес  пайыз квота бөлінген. Осал топқа ауылдық жерден шыққан балалар жатады. Ата-анасы бірінші топтағы мүгедек болған жағдайда немесе отбасында мүгедек бала тәрбиелеп  отырған отбасынан шыққан балалар кіргізіледі. Жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз балалар да осы квотадан үмітті. Олардың ішінде техногендік төтенше табиғат жағдайындағы елді мекенде  тұратын отбасылардың балалары да бар. Сосын әскери қызметте ата-анасының бірі  қайтыс болған отбасының балаларына біршама жеңілдік қарастырлған.

«Құжаттар қабылданғаннан кейін іріктеу мерзімі анықталады. Ол ақпараттарды оқушылар сайттан көре алады. Оқушыға қатысты жеке ақпарат болса, хабарламалары міндетті түрде жеткізіледі. Емтихан «Озат» мектебімен бір күнде өтеді. Біздің мектеп заңды түрде тірек мектебі болғандықтан, «Озат» мектебіне емтиханнан өтетін балалар біздің мектепке келеді. Іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ететін арнайы комиссия құрылады. Құрамына әр органның өкілдері шақырылады. Іріктеу онлай өтеді. Әр ата-ана баласын арнайы экрандардан көре алады. Математика мен логикадан отыз сұрақ, оқу сауаттылығынан он сұрақ белгіленіп отыр», – дейді Ырысалды Сейілханқызы.

Бесінші сынып оқушысына алпыс минут уақыт беріледі екен. Бұл мектепке  75 квота белгіленіп отыр. Олар осал топтағы квоталармен қоса саналады. Ең жоғарғы баллдарды есептеп, оқушылар берілген квота бойынша оқуға қабылданады. Резерв тізімі арқылы да балалардың оқуға түсулеріне мүмкіндігі бар.

Білім-инновация лицейіне оқуға құжат қабылдау  бірінші ақпаннан он екінші сәуірге дейін жүргізіледі.

«Биыл бізде бір ерекшелік бар. Үміткерлер бір ғана турдан өтеді. 12 мамыр күні  қабылдау емтиханы алынады. Жергілікті жерлерде, яғни әрбір ауданда  орталықтар ашылады. Ол жерлерге біздің  арнайы адамдар барып, алтыншы сынып оқушыларын қабылдауды жүзеге асырады. Математика логикадан елу сұрақ, оқу сауаттылығын он сұраққа жауап берулері қажет. Бізге 66 вота бөлініп отыр. Сол бойынша жоғары балл алған балалардан бастап оқуға қабылдаймыз», – дейді лицей директорының орынбасары Бауыржан Қанатов.

Айбек ҒАЛЫМҰЛЫ

Жаңалықтармен бөлісу