Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Нью-Йоркте өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында рапидтен үздік ондыққа кірді.
Бибісара 11 ойын өткізіп, бірде-бір қарсыласынан ұтылған жоқ. Ол 4 қарсыласын жеңіп, 7 рет тең ойнады, нәтижесінде 7,5 ұпай жинады. Осы көрсеткішпен ол 8-орынға жайғасты.
Соңғы турда қазақстандық шахматшы 17 дүркін әлем чемпионы атағына ие қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен тең ойнады. Бұл нәтиже Цзюйдің чемпион атануына кедергі келтірді.
Нью-Йорктегі әлем чемпионаты жақын арада блиц сайысымен жалғасады.