“Базель” басқару институты рейтингін жариялады

“Базель” басқару институты рейтингін жариялады

Еліміз 4,65 балдық көрсеткішпен 111-ші орында тұрақтады деп хабарлайды ҚР ҚМА Баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, былтыр Қазақстан 4,71 баллмен 100-ші орында болған.

Осылайша, ел 2012 жылдан бері жарияланған рейтинг тарихындағы ең жақсы нәтижесін жаңартты. Тек соңғы 4 жылда рейтингте 2020 жылғы 73 орыннан  111 орынға дейін үлкен серпіліс жасалды.

Қазақстан АҚШ, Жапония, Сингапур, Қытай, Катар, Италия, Венгрия және Түркия сияқты елдерді артта қалдырды.

Ең аз тәуекелге ұшыраған 5 елдің қатарына Сан-Марино, Исландия, Финляндия, Эстония, Андорра, Швеция мемлекеттері енді.

Зерттеу нәтижелері халықаралық, мемлекеттік, қаржылық және коммерциялық мекемелерде тәуекелдерді бағалау үшін тәуелсіз салыстырмалы талдау құралы ретінде пайдаланылады.

 

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу