БАҚ қызметкерлеріне облыс әкімінің құрмет грамоталары табысталды

БАҚ қызметкерлеріне облыс әкімінің құрмет грамоталары табысталды

Қостанайдағы жастар сарайында 28 маусым- Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. 

Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов қатысып, өңірдің бірқатар журналистерін марапаттады.

Бұқаралық ақпарат құралдары халықты алаңдатқан мәселелерді дер кезінде көтеріп, үн қосады. Ал, мемлекеттік органдар мәселенің шешімін табуына ықпал етеді. Осындай бірлескен жұмыс жемісті нәтиже беруде. Қостанайлық журналистер жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетіп, шынайы ақпарат таратуда зор еңбек сіңіруде. Құрметті жиналған қауым, мереке құтты болсын! БАҚ қызметінің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға алғыс білдіремін. Еңбектеріңізге табыс тілеймін, – деді облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов.


Ерлан Махмұтұлы құттықтау сәтінен соң, облысымызға қарасты аудан, қалалардан іріктеліп алынған жиырмаға жуық үздік журналиске түрлі аталымдар бойынша марапат табыстады.

Газетімізде жиырма жылдан бері еңбек етіп келе жатқан жүйрік тілші Айтолқын Айқадамова Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.  Толығырақ тізім төменде беріліп отыр.

Ат-жөні

Лауазымы

БАҚ мерейтойлары

1

«Наше время»  аудандық газетінің 85 жылдығы

Глоба Анатолий Михайлович

2

«Áıet shamshyraǵy» аудандық газетінің 85 жылдығы

Ахметбеков Айбатыр Ниязбекұлы

3

«Алау-ТВ» телерадио кешенінің 30 жылдығы

Сулейменов Алмат Марденович

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі

6

Костюкова Ангелина Владимировна

«Qostanai» телеарнасы директор-бас редакторының орынбасары

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Құрмет грамотасы

7

Бидаулетова Ботакоз Онгарқызы

«Таза бұлақ – Чистый родник» аудандық газетінің бас редакторы

8

Стадниченко Николай Иванович

«Костанайские новости» облыстық газетінің тілшісі

Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасы

9

Амрин

Дархан Абылайұлы

«Нұрлы жол» аудандық газетінің редакторы (Ұзынкөл ауданы)

10

Айқадамова Айтолқын Коккинакиқызы

«Қостанай таңы» облыстық газетінің тілшісі

11

Ермағанбетов

Дархан Амантайұлы

«Арқалық хабары» газетінің бас редакторы (Арқалық қ.)

12

Қалиев Мағауия Назымұлы

«Хабар 24» телеарнасының меншікті тілшісі

13

Каплина

Инна Владимировна

«Әулиекөл» аудандық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі (Әулиекөл ауданы)

14

Құлабаев

Нұрқанат Жүнісұлы

«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің меншікті тілшісі

15

Клец

Виталий Федорович

«Костанай-Агро» аграрлық қоғамдық-саяси газетінің беттеушісі

16

Луговской

Виталий Анатольевич

«Алау» телеарнасы жаңалықтар қызметінің тілшісі

17

Мұсабаева Жанна Молдатайқызы

 «КазИнформ» ақпарат агенттігінің меншікті тілшісі

18

Поливода

Олег Михайлович

«Бизнес-Пресс-Лисаковск» газетінің тілшісі (Лисаков қ.)

19

Фролов

Дмитрий Николаевич

«Rydnyimedia» ЖШС радиосының редакторы (Рудный қ.)

20

Шамшиева

Томирис Алмасқызы

«Qostanai» телеарнасының жүргізуші-редакторы

21

Шарипова

Марина Васильевна

«Қарасу өңірі» аудандық газетінің бас редакторы (Қарасу ауданы)

22

Шаяхметов

Абай Сильмұқанұлы

«Меңдіқара үні» аудандық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы (Меңдіқара ауданы)

23

Шкарубо

Полина Игоревна

«Наш Костанай» газетінің тілшісі

Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ, Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

Жаңалықтармен бөлісу