Қостанай облыстық қуыршақ театры мен Ақтөбенің «Алақай» қуыршақ театры арасында тәжірибе алмасу кездесуі өтті. Осы іс-шаралар балғындар жаңа қойылым тамашалап, қуанып қалды.
Ақтөбеліктер Қостанайға Р.Рахимовтың «Қияндарға кетпеші» спектаклін қос тілде қойды. Ал қостанайлық әртістер ақтөбелік көрермендерге режиссер Ю.Семенованың «Қызыл телпек» спектаклін ұсынды. Әртістеріміздің шығармашылығы ақтөбелік көрерменнің көңілінен шықты.
«Тәжірибе алмасу гастрольдерінің берері мол. Әріптестермен жаңа қатынастар орната отырып, тәжірибе алмасуға, ел, жер көруге жол ашылады. Бұл мәдени дамуға ықпал етеді. Басқа сахнада түрлі аудиторияға өнер көрсету әртістердің шеберлігін шыңдап, бейімделіп, шабыт алып, түрлі идеялардың туындауына жетелейді», дейді әртістер қауымы.