Балаларыңызға абай болыңыздар!

Балаларыңызға абай болыңыздар!

Шаяхметов көшесінде орналасқан алты қабатты үйден құтқарушыларға дабыл келіп түсті. Онда қараусыз қалған үш жасар қыздың бесінші қабаттан құлап кеткені туралы айтылған. Сәби аса ауыр халде. Жағдайы қанағаттанарлық деп айтуға мүлде келмейді.Осындай оқиғаларды сараптай келе мамандар жәбірленушілердің көбі терезе жақтауына өз бетінше өрмелеп шығып, қорғаныш қалтасын ашуға талпынатынын, содан бақытсыз жайдың тіркелетінін бағамдап отыр. Осыған байланысты төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өкілдері балаларыңызды қараусыз қалдырмауды, терезе алдына ешқандай жиһаз орналастырмауды, терезе қорғаныш перделерінің қауіпсіздікке кепіл бола алмайтынын ескеріп жүруді, ол үшін осындай оқиғалардың алдын алуға арналған қорғаныш құралдарын орнатуды ескертеді.

Жаңалықтармен бөлісу