БАЛАЛАРЫМЫЗ АМАНАТЫМЫЗ

БАЛАЛАРЫМЫЗ АМАНАТЫМЫЗ

“AMANAT” партиясысының Қостанай облыстық филиалы “Шин-Лайн” компаниясымен бірлесіп балалар орталығында мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

“Балаларымыз-аманатымыз!” деп аталған акциясы аясында музыкалық қойылымдар, әртүрлі би мен ойындар кішкентай көрермендердің назарына ұсынылды.

“Жастар рухы” Жастар қанатының белсенділері балалар үшін мерекелік бағдарлама дайындаған еді. Еріктілер ерекше қамқорлық пен назар аударуды қажет ететін балаларды дамытуға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Партияның облыстық филиалының төрағасы Бибігүл Аққожина балаларға ақжарма тілегін жолдап, жылы лебізін білдірді.

Мерекелік іс-шараның демеушісі “Шин-лайн”компаниясы Қостанай облысы бойынша 600-ге жуық балаға балмұздақ сыйлаған болатын.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу