Бүгін «Шығармашылығым саған, Қазақстан» бірыңғай Фестиваліне облыстың барлық қалалары мен аудандарында 20 мыңнан астам бала мен ата-ана қатысты.
Таңертең барлық облыс мектептерінде Соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын өтті. 4000 түлек мектеп бітірді. 121 түлек «Алтын белгіге», 251 түлек Үздік аттестатқа үміткер. Қала орталығында «Сен үздіксің» байқауының марапаттау рәсімі өтті.
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Закиұлы Мұхаметқалиев балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздарын ақшалай сертификаттармен марапаттады. Марапатталған 14 баланың ішінде дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы, математика пәні бойынша 4 халықаралық олимпиаданың жүлдегері Жан Даутов ерекше көзге түсті.
«Мектеп – балалар көзімен» облыстық байқауының 3 жеңімпаз командасының әрқайсысы өз идеясын жүзеге асыруға 3 млн теңгеден сертификат алды:
Жітіқара ауданының №12 жалпы білім беретін мектебінің «Үзіліске – бірге!»
№ 1 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебінің «Переменка» спорттық-демалыс кешені»
Бейімбет Майлин ауданының Май жалпы білім беретін мектебінің «Мектеп театры» жобалары.
Мыңнан астам оқушы «Мен әлемді көремін» дәстүрлі балалар сурет фестиваліне қатысты. Бес киіз үйде халық шығармашылығы бойынша шеберлік кластары, жұмыс көрмелері өтті.
Кешкі сағат 18.00-де балалар үшін жас спортшылар көрсетілімдері, спорттық жарыстар өтеді, ал педагогикалық колледждің еріктілері балаларға арнап ойындар мен флешмобтар өткізеді.