Балаларға қызмет көрсететін бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жоспарлы түрде тексеріледі, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.
– Бұл шаралар бақылау процесінің ашықтығын арттыруға, заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға, сондай-ақ балалар мен жалпы халықтың денсаулығына төнетін қауіптердің алдын алуға бағытталған, – деп түсіндірді ведомство.
