Балаларды мектепке дайындау акциясы жалғасуда

Балаларды мектепке дайындау акциясы жалғасуда

«AMANAT» партиясының Қостанай облыстық және аудандық филиалдарында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жыл сайынғы «Баланы мектепке дайындайық» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда. Акция тамыз айының соңына дейін жалғасады.

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы төрағасы Бибігүл Аққожина мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еркін Аманжолұлымен бірлесе отырып, балаларға облыстық филиал қабырғасында жаңа оқу жылына арнап оқу-құралдары бар сөмкелерді табыс етті.

«2022 жылы акция негізінде партияның Қостанай облыстық филиалы 1838 отбасының 2851 баласына 38,5 млн теңге сомасында көмек көрсетті. Балаларымыздың көңілдерін көтеріп, мерейлерін үстем етуді тек ата-анасына жүктеп қана қоймай, ел болып жүзеге асыруымыз қажет» ,  –дейді облыстық партия филиалының төрағасы Бибігүл Аққожина.

Осы жылы акция аясында партиялықтар жаңа оқу жылына 1 млн теңгеден астам сомаға 63 баланы мектеп жиынтығымен қамтамасыз етті.

Әсел ҚИБАШ

Жаңалықтармен бөлісу