Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады. 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында байланыс қызметтерінің көрсетілген көлемі 1,2 трлн теңгеден асты, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1% артық.
Негізгі байланыс қызметтері:
Интернет желісінің қызметтері – 556,7 млрд теңгеге (16,2%);
ұялы байланыс қызметтері – 259,7 млрд теңгеге (4,1%);
басқа телеком қызметтер – 247,3 млрд теңгеге (3,9%).
2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда тіркелген телефон желілерінің саны 5,6% қысқарып, 2,1 млн бірлікті құрады. Ұялы байланыс абоненттерінің саны 12 айда 0,7% өсті, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда барлығы 25,2 млн бірлік ұялы байланыс абоненті болды. Тұрақты интернетті 3 миллион абонент пайдаланды (өсім 5,9%).