Baitursynuly University делегациясы Лондонда

Baitursynuly University делегациясы Лондонда

Біз ауқымды жаһандық іс-шара – British Educational Training and Technology Show 2026 көрмесіне қатыстық. Бұл білім беру технологиясы мен оқытудың болашағына арналған әлемдегі ең ірі көрме.

Аталмыш іс-шара барысында ең өзекті стартаптар мен технологиялық шешімдермен танысып, Edtech индустриясының негізгі трендтерін талқылау мүмкіндігіне ие болдық.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің қазақстандық делегация құрамында осындай ауқымды іс-шараға қатысуы – үлкен мәртебе.
Кеше Ұлыбританияның жетекші университеттері – Buckinghamshire New University мен Imperial College London-да болдық. Әлемнің жетекші технологиялық корпорациялары – Intel, Microsoft және Google өкілдерімен нәтижелі кездесулер өтті.
Жылдам цифрлық даму кезеңінде бұл кездесулер өте тиімді. Сала көшбасшылары бізбен бірегей тәжірибелерімен бөліседі. Бұл ҚӨУ-нің дамуы үшін өзекті және пайдалы.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы
Қостанай өңірлік университетінің ректоры