АЖЭК: қарыз көбейді, заңгер не дейді?

АЖЭК: қарыз көбейді, заңгер не дейді?

2024 жылдан 2025 жылдың қазан айының соңына дейін Арқалық жылу электр компаниясының ұсынған қызметіне төлем жасамағаны үшін нотариусқа жалпы сомасы 7,7 миллион теңгеден асатын 224 «зиянды» қарыз иелері туралы хабарлама жіберілді.

Арқалық ЖЭК мемлекеттік кәсіпорнының заңгері Динара Құлбатырованың айтуынша, қордаланған қарыз иелері туралы хабарламалар нотариусқа беріледі, нотариус сот органдарына атқарушылық құжаттар жібереді. Түптің түбінде тиісті органдар қарызгерлердің банк шоттарын бұғаттағаннан кейін күн сайын дерлік борышкерлер жинақталған қарыздарын төлеу үшін АЖЭК – тің «Тұтынушыларға қызмет көрсету» бөліміне қарай ағылады.

Алайда, бұл көрініс әрқашан бола бермейді.

«Кейбір борышкерлер тек жылу үшін 20 мың теңгеден 200 — 300 мың теңгеге дейін қарыз. Мысалы, осы жылдың қаңтарынан қазан айына дейін жалпы сомасы 7 777 391 теңге болатын 224 құжат жиналып, қарызды өндіріп алу үшін нотариусқа тапсырылды. Олардың 70-і қанағаттандырылды. Коммуналдық қызметтер «зиянды» төлемеушілер үшін тек төтенше жағдайларда ғана тоқтатылады. Бұл жаза жеке тұлғаларға емес, заңды тұлғаларға арналған. Жеке тұлғалардың банк шоттары бұғатталады және AЖЭK мемлекеттік кәсіпорнының нотариалдық қызметтер мен пошта хабарламаларына шеккен шығындары үшін айыппұлдар салынады», – дейді заңгер.

Сонымен қатар, нотариус өз қызметтері үшін 25% алады.

Басқа да мәселелер бар. Айталық, «зиянды» төлемеушілер пәтерді сатып, сатып алушымен келісім — шартқа қол қойып, басқа жаққа кетеді.

«Сатып алушылар есептегіш көрсеткіштерін тексермейді. Бұл тұтынылған қызметтер үшін төлем ұсынылған кезде пәтердің бұрынғы және қазіргі иелерінің қарыздарына байланысты мәселелерге әкеледі», – деп ескерте кеткен Динара Қарабайқызы мәселелерді болдырмау үшін тұтынушылардың құжаттарды рәсімдеу кезінде есептегіш көрсеткіштерін тексеруі маңызды екендігін айтады.

Бұл жаңа жалға алушылар үшін де, компания қызметкерлері үшін де белгілі бір жағдайларды түсіндіру кезінде мәселелердің алдын алады.

Динара Құлбатырова жеке сот орындаушылары қарызгерлерге қатысты шектеу шараларын қолданатынын да осылайша еске салады.

Бұған жұмыс орнына атқару парағын беру, жалақы мен басқа да табыстың 50%-не дейін ұстап қалу кіреді. Қарыз толық өтелгенге дейін Kaspiy, Halyk және басқа да мобильді қосымшалар бұғатталады.

Сонымен қатар, борышкер қосымша өндіріп алу шығындарын төлейді. Оларға мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты атқарушылық санкциядан басқа, атқару парағын беру, сондай-ақ пошта шығындары кіреді. Заңгер сондай-ақ, соңғы үш жылда уақтылы төлем жасамаған кәсіпорындардан қарыздарды өндіріп алу үшін материалдар дайындалып жатқанын мәлімдейді.

Заңды тұлғаларға қатысты 2024 және 2025 жылдар аралығында мамандандырылған экономикалық сотқа заңды тұлғаларға қатысты жалпы сомасы 6,4 миллион теңгеден асатын 10 іс берілген.

Заңгер сот ісінен және коммуналдық компания мен сот шығындары үшін қосымша алымдарды төлеуден аулақ болудың ең жақсы жолы – коммуналдық төлемдерді уақытында төлеу екенін ескертеді. Жаңа пәтер сатып алғанда, сол сияқты жаңа тұрғындар көшіп келгенге дейін пәтер белгілі бір уақыт бойы бос тұрған жағдайда есептегіш көрсеткіштерін тексеру де аса маңызды.

 Мұрат Жүнісұлы

                                                                                                    Арқалық қаласы