Азаматтарды шақыру кезіндегі заңдылық жағдайы

Азаматтарды шақыру кезіндегі заңдылық жағдайы

Конституцияның 36-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті болып саналады.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыруға Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті мөлшерде әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтар жатады.

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жылына екі рет өткізіледі.

Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап 30 маусымға дейін жалғасатын көктемгі шақыру науқаны басталды.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында көзделген негіздері бар азаматтар ғана әскерге шақырудан босатылады.

Осы Заңның 35-бабында әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру көзделген.

Әскери қызметтің беделін арттыру мақсатында 2023 жылдан бастап әскерде қызмет еткен қазақстандықтар ҰБТ балдарын есепке алмай, елдің жоғары оқу орындарына түсе алады, ал ерекшеленгендерге тегін оқуға гранттар беріледі.

Сондай-ақ, шақырылған әскери қызметшілерге «кредиттік» демалыс беріледі – қарыз және микрокредит бойынша сыйақы есептемей, мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 күнді қамтитын кезеңге банктер мен микрокредиттік ұйымдар алдындағы ақшалай міндеттемелерді орындау тоқтатыла тұрады.

Әскерге шақырылушылардың әскери қызметтен жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін атап өткім келеді, бұл өз кезегінде айыппұлдан нақты бас бостандығынан айыруға дейін жазалауға әкеп соғады.

Әскери прокуратура «Заң және тәртіп» қағидатын ұстана отырып, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу процесінде белсенді профилактикалық қызметті жүзеге асырады. Бұл жұмыс заңнаманың қатаң сақталуын қамтамасыз етуге, әскерге шақырылушылардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қызмет өткеруге байланысты бұзушылықтар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

 Е.Елмұхамбетов,
Қостанай гарнизонының
әскери прокуроры
әділет полковнигі