Аялдама ауысқанынан жүргізушілердің хабары жоқ па?

Аялдама ауысқанынан жүргізушілердің хабары жоқ па?

“Балалар әлемі” дүкенінің жанынан жылы аялдама салынғалы жолаушылар әбігерге түсті. Дұрысы, автобусты қай жерден күту керектігін түсіне алмай келеді.

Себебі автобус жүргізушілері бұрынғы аялдамаға да, жаңасына да тоқтап жүр.

Ортада ерсілі-қарсылы сапырылысқан жолаушылар өздеріне қажетті қоғамдық көліктің аялдаған жерін аңдып тұрғаны.

Жетпістің ар жақ, бер жағындағы бір кісі жаңа аялдамада автобус күтіп тұр екен.

Жөн сұрасып амандасқаннан кейін:

“Бұл жерге автобус тоқтайтын ба еді?”

– деп сауалды төтесінен қойдық.

“Заң бойынша автобус осы жерге тоқтауы керек. Орындамаған жағдайда, полицияны қойып, ондай жүргізушіге айыппұл салған дұрыс. Жалпы заң деген қарапайым халық үшін жасалған. Соны көбіміз ұқпай, оңай жаққа жығыла беретініміз өкінішті”, – дейді қала тұрғыны.

Сонда тәртіп бұзып жатқандары бұл жайды ескермей ме?

Тұрғындардың жағдайына қатысты мәселені қала әкімдігінен білгенімізде, баспасөз қызметінің өкілдері бұл мәселенің түбегейлі шешілгенін айтып отыр.

“Қазір автобустар аялдамасы 2023 жылы жаңадан салынған жылы аялдама павильоны тұрған жерге ауыстырылған. Бұрынғы орын автобус аялдамасы саналмайды”, – дейді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрдәулет Бейсенов.

 

Суреттерді түсірген

Бағдат Ахметбеков 

Жаңалықтармен бөлісу