Бұл өзгерістер бірінші кезекте ауыл тұрғындарының өмір сүру жайлылығын арттыруға бағытталған.
Жаңа қағидаларға жол, өтпе жол, көше, жеке тұрғынүй, уақытша құрылыстар, үй іргесіндегі жер учаскесі, абаттандыру объектісін таза ұстау, абаттандыру элементтері, қасбет, көгалдандыру екпелері, аумақты абаттандыру объектілері сияқты бірқатар ұғымдар қосылды. Олар іс-шаралар кешенін, жауапты тұлғаларды және оларды қыс және жаз мезгілдерінде тазартудың кезеңділігін нақты анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл Қағида осы жылдың 29 маусымда күшіне енді. Бұл өзгеріс Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 14 маусымдағы № 219 бұйрығымен енгізілді.
Егер бұрын Қағиданың бұрынғы редакциясында аумақты тазалау, қалдықтарды шығару, қасбеттерді ұстау және жарықтандыру тәртібін реттейтін нормалар болса, онда жаңа редакция елді мекендердің аумақтарын абаттандыруды кеңейтті.
Үйлердің, ғимараттардың, уақытша құрылыстардың меншік иелері үшін міндеттеуші нормалар неғұрлым егжей-тегжейлі баяндалған. Аумақты жинаумен абаттандыруды жүзеге асыратын үйлердің, ғимараттардың меншік иелері, кәсіпкерлер мен мердігер ұйымдар арасында міндеттер бөлінген.
Тұрғын үйлердің меншік иелері:
1) үйдің, дуалдар мен қоршаулардың, сондай-ақ жер учаскесі шегіндегі уақытша құрылыстардың беткі жағының тиісті жай-күйін қамтамасыз етуге міндетті. Оларды уақтылы жөндеу және бояуы тиіс;
2) тұрғын үйде белгіленген үлгідегі нөмірлік белгісі болуға және оны жарамды күйде ұстауға;
3) периметрі бойынша 5 метр шекарада жер учаскесін, іргелес аумақты тәртіпте ұстауға және оларды қоқыстан тазартуға, арамшөптерді шабуға;
4) газ құбырларының, кәбілдік және әуе электр беру желілерінің және басқа да инженерлік желілердің күзет аймағына ағаш отырғызуға жол бермеуге;
5) іргелес аумақта құрылыс материалдарын, отынды, тыңайтқыштарды, көң мен көң шламын және өзге де жылжымалы заттарды сақтауға жол бермеуге тиіс;
6) қыс мезгілінде айына кемінде бір рет үйлердің шатырлары мен күнқағарларын тазалау қажет.
Ғимараттары мен жер учаскелері бар кәсіпкерлер:
1) толтырылуына қарай тазаланатын өз объектілерінің жанына урналар орнатуға, сондай-ақ қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет жөндеуге және бояуға;
2) периметрі бойынша 5 метр шекарадағы жер учаскесін, іргелес аумақты тәртіпте ұстауға және оларды қоқыстан, жапырақтан, мұздан тазартуға, арамшөптерді шабуға;
3) шағын сәулет нысандарын (мүсіндер, гүлдерге арналған вазалар, орындықтар, күркелер, балалардың ойнауына және ересек халықтың демалысына арналған конструкциялар) жөндеуді және бояуды жүзеге асыруға;
4) кәріз болмаған кезде стационарлық дәретханаларды таза және техникалық жарамды күйде орнатуға және ұстауға;
5) топырақ пен өзге де сусымалы материалдарды брезентпен жабылған күйінде ғана тасымалдауға;
6) жеке фонарьларды, сыртқы жарықтандыру прожекторларын жарамды күйде ұстауға;
7) периметрі бойынша 5 метр шекарада іргелес аумақта орналасқан жасыл желектердің, көгалдардың, жиек тастардың сақталуын қадағалау тиіс;
8) ғимараттың, дуалдар мен қоршаулардың, сондай-ақ жер учаскесі шегіндегі уақытша құрылыстардың беткі жағының тиісті жай-күйін қамтамасыз етеді.
Оларды уақытылы жөндеу және бояу қажет.
Абаттандыруды жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдар мынадай іс-шаралар жүргізеді:
1) тиісті жерлерге шығару арқылы күнделікті қоқыстан, жапырақтан, қардан және мұздан тазарту;
2) жолдардың, көшелердің, тротуарлардың және өтпе жолдардың жүру бөліктерінің жабындыларын тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу;
3) қоқыстарды, қалдықтарды және ҚТҚ жинау және шығару;
4) жануарлардың өлекселерін жолдардан алып тастау.
Елді мекенді абаттандыру және жинауды ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру бұрынғыдай жергілікті атқарушы органдарда қалады.
Тәртіп бұзушылар бірінші рет ескерту арқылы және кейіннен жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
Осы Қағидаларды тиiсiнше қолдану ауылды кешендi және орнықты дамытуға ықпал ететiн экологиялық қолайлы қалалық орта құруға мүмкiндiк бередi.