Ауылдан шыққан спортшылар Бішкекте өткен Азия чемпионатында бірнеше жүлдені жеңіп алды

Ауылдан шыққан спортшылар Бішкекте өткен Азия чемпионатында бірнеше жүлдені жеңіп алды

Сарыкөл ауданының әкімі Амантай Балғарин Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатынан  жарқын жеңіспен оралған спортшыларды қабылдады.

Олардың арасында Барвинов жалпы білім беретін мектебінің оқушылары мен дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, гір спортынан жаттықтырушы Нұрлан Тайжанов, аудандық шығармашылық үйінің тәрбиеленушілері мен тәлімгері, әскери қоян-қолтық ұрысының жаттықтырушысы Владислав Барабаш болды.

Аудан басшысы гір спорты мен ММА бойынша жеңімпаз-жүлдегер атанған спортшылардың бапкерлеріне 100 мың теңгелік сертификат пен алғыс хат табыстады.

– Жеңіс тұғырынан көрініп, көк байрағымызды көкке көтердіңіздер. Алдағы уақытта бұдан да үлкен сайыстарда ел абыройын асқақтата берулеріңе тілектеспін, – деді Амантай Балғарин.

Азия біріншілігінде талантты жаттықтырушы Нұрлан Тайжановтың шәкірттері 2 алтын, 2 күміс, 1 қола еншілесе, Владислав Барабаштың өзі 1 күміс, шәкірттері 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль иеленді.

Сарыкөл ауданы.

 

Жаңалықтармен бөлісу