Қостанай облысының кейбір өңірлерінде шаңды дауыл тұрып, күннің салқындайтыны болжанады

Қостанай облысының кейбір өңірлерінде шаңды дауыл тұрып, күннің салқындайтыны болжанады

Қостанай облысында 18 мамырда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қостанай таңы» «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып.
Қостанай облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстік жартысында найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды.

Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қостанайда солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Жаңалықтармен бөлісу