Қостанай облысының бес ауданында Ұзынкөл, Меңдіқара, Алтынсарин, Әулиекөл және Қарасу аудандарында «Әділетті Қазақстан үшін» жобасы аясында мобильді керуеннің кездесулері өтті.
Оған 700-ден астам ауыл тұрғыны қатысып, Құрылтай депутаттығына кандидаттар Екатерина Смышляева, Еділ Хамза, Дмитрий Павленко және Наталья Рамазанова жол сапасы, ауызсу, коммуналдық-әлеуметтік инфрақұрылым, қаржылық сауаттылық, жастарды жұмыспен қамту және «Ауыл аманаты» бағдарламасы сынды мәселелерді талқылады.

«Әділет» партиясының негізі құжаты «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасы әр кездесуде жұртшылықтың қолдауына ие болған.
«Қазір біз Қазақстан ауылдарындағы өзекті мәселелердің ұлттық деңгейдегі арнайы тізімін жасап жатырмыз. Тұрғындар әр ұсынысы, әр мәселесі мен әр дауысы осы тізімге енгізілетінін білгенде, мұндай мүмкіндікке шынайы алғысын білдіреді», — деді Құрылтай депутаттығына кандидат Екатерина Смышляева.

Кездесулерде байланыс пен интернет сапасының төмендігі мәселесі жиі көтерілді.
«Әділетті болашақ үшін» бағдарламасында ауылдық елді мекендердің кемінде 97 пайызын сапалы интернетпен қамту көзделген қазір мұндай ауылдар саны 6 мыңнан асады. «Байланыс жоқ ауылда білім беру де, медицина да, кәсіпкерлік те толыққанды дамымайды. Біз қазір ауыл тұрғындарының нақты нені қалайтынын анық білетін деңгейге жеттік», — деді кандидат Наталья Рамазанова.

«Әділет» партиясының мобильді керуені Қазақстанның тағы жеті өңірінде жұмысын жалғастырып жатыр. 23 шілдеден бері жоба 37 кездесу өткізіп, 4 600-ден астам адамды қамтыды және 5 мың шақырымнан астам жол жүрді. Жоба 19 тамызға дейін елдің алты өңірін, 100 ауданын қамтуды жоспарлап отыр.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
