Қостанай облысының ХХХІХ жазғы спартакиадасы және Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойы аясында қанатын кеңге жайып кең тыныстаған спорттық сайыстардың бірі былғары қолғап шеберлерінің шаршы алаңда жұдырық түйістірулері.
«Қайрат» спорт кешенінде өтіп жатқан бұл жарыс та жанкүйерлерінің қаумалауымен айшықты өрнегін салып, бабы мықты мен бағы мықтыны анықтауда.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жәнібек Кенжебекұлының айтуынша жарысқа облыстың 13 өңірінен спортшылар қатысуда. Жарыстың түйіні тарқап, мықтыларды анықтау алдағы 9 тамызда ақтық кездесуде белгілі болмақ.

«Жарыс жақсы деңгейде өтіп жатыр. Ұйымдастыру жағы бәрі жақсы жолға қойылған. Халықтың көңілінен шығып жатыр деп есептейміз», – дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жәнібек Жұрқабаев.
Бокс, қазақ күресі, еркін күрес, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, асық ату, ұлттық ат спорты ойындары бәйге, көкпар және аударыспақ
Жалпы, жарысқа 135 үміткер қатысып, спортшылар 14 салмақ дәрежесінде сынға түсуде.

Өткізіліп жатқан спорттық іс-шаралардың барысына алыс жақыннан ат терлетіп келген қонақтар да дән риза.
Тойғанбол Нұрханов,
Жангелдин аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

«Киелі Торғайдан құрметті қонақ әрі ардагер спортшы ретінде жастарды бастап келіп жатқан жайымыз бар. Бізді қонақжайлылықпен жақсы қарсы алып жатыр. Арқалығымызда көптеген нысандар жөнделіп, тұрғын үйлер жаңғырып біраз оң өзгерістер жасалған екен. Игі бастаманың басында жүрген азаматтардың бәріне де зор алғысымызды білдіреміз. Тойымыз жақсы өтіп, жастарымыз биіктен көріне берсін».
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген – автор
Арқалық қаласы
