Ауыл шаруашылығы министрі қостанайлық шаруалармен кездесті

Ауыл шаруашылығы министрі қостанайлық шаруалармен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы министрі жаппай егіс жұмыстары кезінде аймақтарды аралауға кірісті. 20 мамырда Айдарбек Сапаров Қостанай облысының бірқатар ауданын аралап, өңірдегі егіс және фитосанитарлық жағдай бойынша кеңес өткізді.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, Қостанай облысындағы биылғы жалпы егіс алқабы — 5,5 млн га. Жаппай егіс науқаны енді ғана басталып, әзірге облыста 1,3 млн га егілді.Ауыл шаруашылығы министрі егіс науқанын қаржыландырудың маңыздылығын атап өтті, оған биыл алғаш рет 580 млрд теңгеге дейін жеңілдікті пайызбен қарыз қаражаты бөлінді. Бүгінгі таңда көктемгі дала жұмыстарына Қостанай облысы бойынша «АКК» АҚ-ға жалпы сомасы 36,7 млрд теңгеге 406 өтінім келіп түсті. Сонымен қатар өңірде 176,2 мың тонна астық сатып алуға жалпы сомасы 11,9 млрд теңгені құрайтын форвардтық сатып алуға 132 өтінім түсті.Сондай-ақ Айдарбек Сапаров фермерлерге минералдық тыңайтқыштарды жеткізу көлеміне назар аударды. Қостанай облысы бағдарламаға белсенді қосылды және бүгінгі таңда өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 108,7 мың тонна тыңайтқыш жеткізілді, оның ішінде зауыттарға (ҚазАзот АҚ және Қазфосфат ЖШС) аванстық субсидиялау тетігі шеңберінде арнайы шотқа 24 мың тонна көлеміне 2,2 млрд теңге аударылды.Фитосанитарлық қауіпсіздік бойынша өткен кеңес барысында өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері облыста шегіртке дернәсілінің таралу болжамына алаңдаушылық білдірді. Айдарбек Сапаров расымен де 2024 жылы Қостанай облысында зиянкестердің 775 мың га алқапта таралуы болжанып отырғанын атап өтті. Ведомство қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алып, аумақтарды емдеуге арналған қызметтерді жүргізіп, зиянкестермен күресуге алдын ала дайындала бастады. Қазіргі уақытта пестицидтер өңірде толық көлемде, өңдеу жұмыстары шамамен мамыр айының соңында басталады.Қостанай облысындағы шаруа қожалықтарын аралап болған соң министр сапары Ақтөбе облысында жалғасады.

Жаңалықтармен бөлісу