Автобусты төсек-орынмен рұқсатсыз жабдықтаған жүргізуші айыппұл арқалады

Автобусты төсек-орынмен рұқсатсыз жабдықтаған жүргізуші айыппұл арқалады

“Алматы-Екатеринбург” тас жолында полицейлер  YOTONG  маркалы автобусын тоқтатты. Салонына әдеттегі орындықтардың орнына 36 төсек-орын жайғастырылған.

Жолаушыларға қалааралық тұрақты тасымалдаудың күмәнді әдісін ұсынған автобус жүргізушісі Түркістан облысының 40 жастағы тұрғыны болып шықты.

“Автобуста тиісті техникалық сараптамалардан өтпеген конструкциялар қолданылған. Жүргізуші автобустың қауіпсіздігін ескермей, өз бетінше өзгерістер енгізген. Зерттеулер көрсеткендей,  осындай “конфигурация” апат кезінде  қауіпті. Автобус соқтығысқан жағдайда ауыр жарақаттарға әкеп соғуы мүмкін”, – дейді облыстық Полиция департаменті өкілдері.

Полицейлер барлық кемшілік жойылғанға дейін автобусты пайдалануға тыйым салды. Жедел шаралар қабылданып, автобусты рұқсатсыз қайта жабдықтағаны үшін 60 мың теңге айыппұл тағайындалды.

Жаңалықтармен бөлісу