Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев алдағы депутаттар сайлауы, саяси науқанның мән-маңызы туралы ойын айтты, деп хабарлайды Аkorda.kz. «Бірнеше аптадан кейін саяси науқан басталады. Кандидаттар үгіт-насихат жұмысына кіріседі. Олар дауыс жинау үшін түрлі тәсілдерді қолданады.
Жауынгерлер ант берді
Бүгін Қостанай қаласындағы Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің саптық алаңында Жамбыл, Ақмола, Қостанай, БҚО, Маңғыстау облыстарынан шақырылған 145 жас сарбаз салтанатты түрде әскери ант берді. Сарбаздарға сәттілік тілеп, жылы лебіз білдіру үшін Қостанай қаласының әкімдігі, Ұлттық ұлан “Орталық” өңірлік қолбасшылығының басшылығы, бөлімнің ардагерлер құрамы мен сарбаздардың ата-аналары қатысты.
Ионенко Рудныйда әкімінің міндетін атқарады
Бүгін Рудный қаласының әкімі міндетін атқарушы болып Виктор Ионенко тағайындалды. Виктор Ионенко 2020 жылы облыс әкімінің орынбасары болған еді. Әр жылдары Денисов, Қарасу, Меңдіқара аудандарының әкімі қызметін атқарған.
Қалалық ауруханада бариатриялық ота жасалады
Қостанай қалалық ауруханасының проктологиялық бөлімінде бариатриялық ота жасалады. Былтырғы жарты жылдықта сегіз адам дәрігердің көмегіне жүгінген. Бұрын мұндай ота тек шет елде немесе Астанада ғана жасалатын. Енді өз қаламызда да дәрігерлер қолға ала бастады. Бариатриялық ота дегеніміз – асқазанды кішірейтіп, семіздіктен арылу.
Жетістік те, кемшілік те бар
Облыста тұрғын үй құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым бағытында былтыр атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Көзделген меже орындалған. Дегенмен, осы тұрғыда көш соңында келе жатқан жайбасар өңірлер бар.
Жақыпов қайта оралды
“Тобыл” футбол командасы өзінің төл түлегі Тимур Жақыповпен келісімге келді. Қорғаушының негізгі құрамнан орын алуы үшін біраз тер төкті. Басында жастар құрамынан көзге түскен тас қамал өреннің өнеріне жергілікті ұжымнан гөрі сырттағылардың назары ауғанға ұқсайды.
Бес қалада Президент резиденциясы балалар игілігіне беріледі
Президенттің Қостанай, Ақтау, Тараз, Атырау және Ақтөбедегі резиденциялары балалардың игілігіне беріледі. Ақпаратты облыстық әкімдіктер растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін желіде Мемлекет басшысының бес қаладағы резиденциялары балалардың игілігіне берілетіні туралы ақпарат пайда болды, ал жергілікті әкімдіктер бұл ғимараттарды балабақша не сауықтыру орталықтары не балаларға арналған басқа да орталықтар ете ме, мұны өзі шешеді.
Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. “Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды”, – делінген хабарламада.