Қостанай облысында «Ауыл Аманаты» шағын несиелеу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Микрокредиттер ауыл тұрғындарына өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын дамыту немесе жаңа бизнес идеяларды қолдау және техника сатып алу үшін қолайлы шарттармен беріледі.
“Жүгенсіз” жүргізушілерге тосқауыл бар ма?
Жол-көлік қозғалысына қатысты қайғылы хабарлардың азаяр түрі жоқ. Әлеуметтік желілерді ашып қалсаңыз да, теледидарды қосып қаласаңыз да жол апатына қатысты көңіл құлазытар ақпарат қарсы алдыңнан атып шығады. Құқық қорғау органдары жол ережелерін сақтауға баса көңіл бөлгенімен нәтижесі мардымсыз. Жол апаттарының азаймауына не себеп? Әлде, сіз бен біздің жауапкершілігіміздің төмендігі ме, жолаушы?
Резиденция балалар игілігіне беріледі
Облыстық психоневрологиялық ауытқуға ұшыраған және тірек-қимыл қозғалысына зақым келген балаларға арналған реабилитациялық орталыққа бейімделуі тиіс өңірлік резиденциясына баспасөз туры ұйымдастырылды.
Қостанай облысында полиция қатарын 59 жас маман толықтырды
Жас полицейлер мен тәлімгерлердің кездесуі Қостанай облысының полиция департаментінде өтті. Іс-шараға бір жылдан аз жұмыс істейтін полицейлер мен жұмыс өтілі көп әріптестері қатысты. Олардың міндеті жас мамандарды полиция қызметіне бейімдеу.
Бас редактор оқырмандармен кездесті
Облыстық «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Кенжеш Аманова баспасөзге жазылу науқаны қарсаңында Жанкелдин ауданының жұртшылығымен кездесулер өткізіп жүр. Бүгін ол аудандық аурухана қызметкерлерімен және Шұбалаң, Қалам-Қарасу ауылдарындағы мектеп ұжымымен жүздесті. Кездесу барысында оқырмандарды газетіміздегі мұғалімдерге арналған акция мен алдағы Жеңіс күніне орай өтетін оқушылар арасындағы эссе байқауына қатысуға шақырды. Сондай-ақ, жылдың қорытындысы бойынша өткізілетін ұтыс […]
Жартылай финалға 8 команда жолдама алды
«Мирас» мәдениет сарайында Қостанай облыстық супер лигасының 1/4 ширек финалдық сайысы өтті. Облыстық Жастар ресурстық орталығының «Қостанай облысында жайдарман лигасының қозғалысын мемлекеттік тілде ілгерілету және дамыту» жобасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызметке орналасатындар енді рухани құндылықтар бойынша тест тапсырады
Мемлекеттік қызметке келемін деген адамның рухани құндылығын анықтау бойынша тестілеу енігізіледі. БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мемлекет басшысы: Мемлекеттік аппараттың жұмысын қайта қарау қажет
Үкімет әкімшілік реформаны жалғастырып, бюрократияны барынша азайтуы керек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаарат тілшісі.
Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрі болып қайта тағайындалды
Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловты тағайындауға келісім берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
“Тобыл” жаңа қорғаушымен толықты
Ол сербиялық “Цревный Звезданың” түлегі — Иван Рогач.