Сонау отыз жетінің ойранында қанды қасаптың ордасы болған ескі үйлер Қостанай төңірегінде жиі ұшырасады.
Арқалықта жылыту маусымы ерте басталады
Жылыту маусымының басталуына азғантай уақыт қалды. Жылу қазандықтары мен құбырлардың қазіргі жағдайы қалай? Жауапты ұйымдар тозығы жеткен құрылғыларды ауыстырып үлгерді ме? Көптің көкейіндегі осындай сұрақтарға өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қостанай облыстық энергетика және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Алмат Ғапбасов жауап берді.
Облыстың индустрия саласында 15 жоба қолға алынды
Партияның Қостанай облыстық филиалының төрайымы Бибігүл Аққожина партияның 2022-2023 жылдар аралығында атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
Ауылды дамытуға бағытталған екі жүзден астам жоба мақұлданды
«AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының XXXV есеп беру-сайлау конференциясында партияның облыстық филиалының төрайымы Бибігүл Аққожина «Жер аманаты» және «Ауыл аманаты» партиялық жобаларының ерекше маңыздылығын атап өтті.
Қарасу ауданы аумағында сібір жарасының таралуы туралы ақпарат теріске шығарылды
Әлеуметтік желілерде Қарасу ауданында адамдарға “Сібір жарасы” жұқтырғаны туралы бейне таратылуда. Қарасу ауданының әкімдігі, сондай-ақ Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының “Қарасу ауданының ветеринариялық станциясы” КМК бұл фактіні жоққа шығарғанын хабарлайды.
1916 жылғы көтерілістің мыңбасы болған Әбіш Рысбаевтың естелігі табылды
Өзімізді өзіміз тануда да, өзгелерге танытуда да төл тарихымызды білу, оның ащысынан сабақ алу елеулі роль атқарады. Облыстық мұрағаттан 1936 жылы Аманкелді Иманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысының 20 жылдығына байланысты ұйымдастырылған арнайы экспедиция материалдары табылды. Солардың біреуін оқырмандар назарына ықшамдап ұсынып отырмыз.
Чехия “Тобыл” сапындағы Ресей-Беларусь ойыншыларына рұқсат берді
«Тобыл» ойыншылары Иван Коновалов, Павел Киреенко, Альберт Габараев, Павел Забелин және фитнес-бапкер Евгений Кресик Шенген визаларын алды, деп хабарлады «Тобыл» футбол клубының ресми сайтынан. Аталған футболшылар Чехияның Пльзень қаласына келіп, командаға қосылды. Бүгін қостанайлықтар Конференция лигасының плей-офф кезеңі аясында «Викторияға» қарсы матч өткізеді.
Ұзынкөлдегі оқыс оқиғаға қатысты екі лауазымды қызметкер жұмыстарынан босатылды
Облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев Ұзынкөл ауданында болған оқиғаға байланысты пікір білдірді.
Ұзынкөлдегі мерекелік оқиғадан зардап шеккен қызды емдеуге Астанадан дәрігерлер келді
Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы Ұзынкөл ауданындағы тоқ соққан қызға медициналық көмек көрсетудің қажетті шараларын қабылдауда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қостанайлықтар Конституция күнін мерекеледі
Бейбіт те бақуатты өмірімізді қамтамасыз ететін Ата Заңды сыйлау – әр азаматтың айнымас борышы. Конституция күнін мерекелеудің мәні осында екенін ұққан халық Қостанайдағы жастар сарайына ағылды.