Атақты актриса Торғай төрінде өнер көрсетті

Атақты актриса Торғай төрінде өнер көрсетті

Белгілі өнер иесі, жерлесіміз, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Рауза Тәжібаева 70 жас мерейтойын ел арасында атап өтуде.

Мерейтой иесінің Арқалық қазақ жасөспірімдер театрымен бірлесе сомдаған Өзбекстанның көрнекті жазушы-драматургі Сайд  Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясы аншлагпен тамашаланды.blankblankРауза Ілиясқызы 1955 жылы Қостанай облысы, қазіргі Қарабалық ауданы, Батмановка ауылында дүниеге келген. Балалық шағы, жастық ғұмыры Амангелді ауданында өткен. 1978 жылы Алматы қаласында Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының актерлік факультетін бітірген соң министрліктің арнайы жолдамасымен С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ театрында актриса болып қызмет етті.blank 1990 жылы жаңа құрылып жатқан Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрына арнайы шақырумен келіп, өнер ордасының ашылуына үлес қосты. «Айман-Шолпанда» — Айман, Д.Исабековтің «Әпкесінде» — Қамажай, Т.Ахтановтың «Махаббат мұңында» — Ләззат, С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншегінде» — Мадина, «Біз де ғашық болғанбызында» — Зілда, М.Байсеркеұлының «Хан Кенесінде» -Бопай, Е.Брусиловский мен Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» — Қамқа, У.Шекспирдің «Король Лирінде» — Гонориля, т.б. рөлдерді сомдаған. blankЖезқазған қаласында өткен республикалық театрлар фестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» дипломымен, Өскеменде өткен фестивальде О.Бөкейдің «Ең үздік әйел рөлі» номинациясымен, 1998 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі» атағымен, Көкшетау қаласында өткен республикалық фестивалде арнайы дипломмен, Ақтау қаласында өткен республикалық фестивалде І орын дипломымен марапатталған. ТМД елдерінің «Мәдениет пен өнердің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі иесі. «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» атағымен, облыс алдында сіңірген еңбегі үшін медальмен есімі ардақталған.blank Дарынды өнер иесі театрда актриса ретінде ғана емес, режиссер ретінде де өзін көрсете білді. Сондай-ақ бірқатар деректі фильмге де түскен.blankblank

  «Елге келіп, арқа-басымызды кеңге салып жатырмыз. Елдің топырағының, ауасының орны бөлек. Жас уақытым есіме түсіп, рөлімді де бір ерекше шабытпен ойнап шықтым. Құрметін көрсетіп жатқан халқыма, ел ағаларына зор алғысымды білдіремін. Тілегім – еліміздің мерейі үстем болып, әрдайым өнеріміз өрістей берсін», — дейді Рауза Ілиясқызы.

blankҚойылым соңында мерейтой иесіне құрмет көрсетіліп, қала әкімінің ықылас гүлі тарту етілді. Қала әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов, театр басшысы Нұрлыбек Сапабекұлы сахна майталманына жылы лебіздерін білдіріп, Алғыс хат табыстап, иығына шапан жапты.blankblankblankblankӨнер тарландары серпінді көңіл-күйді көршілес Амангелді және Жангелдин аудандарының көрермендеріне де тарту етпек.blankblank

 Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген – автор