Алматыда өткен Түркітілдес журналистер VI халықаралық форумында Қостанай облысындағы Астана телеарнасының тілшісі Заңғар Санай ерекше марапатқа ие болды.
Ол Түркітілдес журналистер одағы ұйымдастырған байқауда екінші орынды иеленді.
«Бұл өте әділ өткен байқау болды. Біз ешқандай нәтиже туралы алдын ала білмедік. Шақырған соң қатысып көрейік деп келген едік», – дейді Заңғар Санай.
Жүлде Түркі дүниесіндегі үздік журналистік материалдарға берілді.
Осылайша, Түркітілдес журналистер қоры «Шеврон» компаниясымен ұйымдастырған «Әлеумет – қоғам айнасы» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.
Байқауға түрлі елдер мен өңірлерден қатысқан медиа өкілдері бақ сынап, кәсіби шеберлігін көрсетті. Заңғардың еңбегі жоғары бағаланып, жүлделі орынға лайық деп танылды.
Бұл марапат – тек журналистің жеке жетістігі ғана емес, өңірлік журналистиканың да беделін көтеретін маңызды оқиға.
Заңғар Санай өңірдегі өзекті мәселелерді терең әрі шынайы жеткізумен ерекшеленіп жүрген тәжірибелі тілшілердің бірі.
