Астана шағын ауданында алғашқы мың адам қоныс тойын тойлайды

Астана шағын ауданында алғашқы мың адам қоныс тойын тойлайды

Республика күні қарсаңында Тобыл қаласы аумағындағы Астана шағын ауданында алғашқы 450 заманауи пәтер пайдалануға берілді. Жаңа он үй шамамен 1000 адамды қоныстандыруға есептелген және соңғы талаптарға сай салынған.

Мемлекет басшысы атап өткендей, қолжетімді баспана – арман емес, билік орындауға тиіс азаматтар алдындағы міндет. Бұл ұстаным мемлекеттік саясаттың басты бағытына айналды. Соның жарқын бір мысалы — жаңадан бой көтеріп жатқан Астана, Бәйтерек қалашықтары.blank blankБүгін Астана шағын ауданында құрылысы аяқталған алғашқы он көп қабатты тұрғын үйдің таныстырылымы өтті. Іс-шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов және қоғам белсенділері қатысты.blankblankblank«Астана» жобасы аясында 5 пен 24 қабат аралығындағы 154 көп қабатты үй салу көзделген. Жалпы тұрғын үй көлемі шамамен 1 миллион шаршы метр. Бұл шамамен 60 мың адамды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінде 10 үйдің құрылысы аяқталып, тағы 13 бес қабатты ғимараттың құрылысы жүріп жатыр.blank

«Президенттің тапсырмасына сәйкес, біз тұрғын үй құрылысын қарқынды дамытудамыз. Әр отбасы қолжетімді әрі сапалы баспанаға ие болуы тиіс. Басты міндет — үйлерді салып қана қоймай, халыққа жайлы өмір сүруге мүмкіндік беретін орта қалыптастыру», — деп атап өтті облыс әкімі.

blankblankblankblankЖаңа шағын ауданда балабақшалар, мектептер, ауруханалар, спорт нысандары, сауда және ойын-сауық орталықтары, демалыс саябақтары қарастырылған. Тұрғындардың жайлы өмірі үшін смарт аялдамалар, бейнебақылау жүйесі, кең жолдар, велосипед жолдары және ерекше безендірілген саябақ аймақтары салынады.blankblankҚұрылыс кезінде отандық материалдар пайдаланылуда, бұл үйлердің сапасы мен сенімділігін қамтамасыз етеді.
«Астана» жобасының жүзеге асуы Қостанай облысы тұрғындарының өмір сапасын арттырып, оларға тек баспана ғана емес, сонымен бірге қауіпсіз әрі заманауи өмір сүру ортасын ұсынуға бағытталған.blankЖалпы, облыстағы тұрғын үй құрылысы жылма-жыл қарқын алып келеді. Өңір басшысы ол жөнінде де мәлімет бере кетті.

«2025 жылдың басынан бері 391 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 4145 пәтер салынды. Жыл соңына дейін 500 мың шаршы метр немесе 6,5 мың пәтер тапсыру жоспарланған. Бұл көрсеткіштер өңірдегі тұрғын үй құрылысының жүйелі дамуын айқын көрсетеді», — деді аймақ басшысы.

blankТолығырақ — газеттің алдағы санында.

Суреттерді түсірген -Бердіболат Көркембаев