Astana Media Week – 2025: Орта Азиядағы ең ірі медиа апталығы басталды

Astana Media Week – 2025: Орта Азиядағы ең ірі медиа апталығы басталды

Астанада дәстүрлі Astana Media Week – 2025 апталығы өз жұмысын бастады. Үш күнге жалғасатын айтулы іс-шара биыл «Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы» тақырыбымен өтіп жатыр.

Бұл – кәсіби пікір алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар Орталық Азиядағы медиа саласының ең ауқымды диалогтық платформасына айналған маңызды жиын.Апталықтың ашылуында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысушыларды құттықтап, медиа саласының қоғам өміріндегі ерекше рөлін атап өтті.

«Бүгінгі ақпарат дәуіріндегі медиа – ұлттың ойы мен рухани кеңістігінің айнасы. Журналистің әр сөзі – жауапкершілік. Astana Media Week осы жауапкершілікті терең сезінетін мамандардың алаңы бола алады. Шығармашылық табыс пен тың идеялар тілеймін», – деді министр.

blankБағдарлама аясында медиаэтика, деректі фильм өндірісі, жасанды интеллектіні қолдану, имидж менеджменті, цифрлық коммуникациялар, дата-журналистика тақырыптарында арнайы сессиялар мен пікірталастар өтуде.blankСпикерлер қатарында Euronews, Anadolu Agency, TRT Avaz Kanal, Хабар, Qazaqstan, Atameken Business, NUR.KZ, сондай-ақ Түркия, Өзбекстан, Еуропадан келген тәжірибелі сарапшылар бар.blankҚостанай облысынан Қоғамдық даму басқармасы, өңірдегі ішкі саясат бөлімдерінің өкілдері, «Қостанай таңы» газеті, «Қостанай», «Алау» телеарналарының басшылары, мамандары қатысу үстінде.blank

Басты сурет: baq.kz