Бұл туралы Қазақстан ұлттық құрамасының ресми парақшасында жарияланды. Асхаттың ұлттық құрамадағы жолы аяқталса да, оның есімі жанкүйерлердің жүрегінде мәңгі сақталатыны жазылды.
«2014 жылдан бастап ел намысын қорғап, әрбір ойында барын салған Асхат – тек мықты футболшы ғана емес, ұрпаққа үлгі болар нағыз патриот. Оның жанкештілігі, сабырлылығы мен еңбекқорлығы жас ойыншыларға жол көрсетіп кетті. Ұлттық құрамадағы жолы аяқталса да, оның есімі жанкүйерлер жүрегінде мәңгі сақталады», – деп жазды бұл туралы ұлттық құраманың баспасөз қызметі.
Иә, бүгінде «Тобыл» командасының қорғаушысы атанған Асхат тек мықты футболшы ғана емес, әр ойында өзін ұрпаққа үлгі болар нағыз патриот екенін дәлелдеп жүр. Оның жанкештілігі, сабырлылығы мен еңбекқорлығы жас ойыншыларға клуб сапында жол көрсете береді.
Оның есімі қазақ футболының тарихында алтын әріптермен жазылып жүр. Асхат ұлттық құрамада алпыс үш матчқа қатысып, үш гол соқты және жеті ассист берген.