Арқалықтық жас ақынның жыр жинағы жарық көрді

Арқалықтық жас ақынның жыр жинағы жарық көрді

Талант иесі Ернұр Әуезханның «Өлеңімде өмір сүріп келесің» атты тұңғыш кітабы шықты.

Туындының тұсаукесері ақынның өзі ғылыми қызметкер болып еңбек ететін «Дала өлкесі тарихы» музейінде өтті. Кітап Қостанай қаласындағы «Қарлығаш» баспа үйінен басылып шыққан. Алғы сөзін жазған – Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Абылай Мауданов.

 Ернұр Саянұлы 1998 жылы 5 наурызда Қостанай облысы Амангелді ауданы Есір ауылында дүниеге келген. Н.Мейірманов атындағы орта мектепті аяқтап, 2020 жылы Арқалық педагогикалық институтын тіл маманы болып тәмәмдаған.

Қалалық, облыстық, аймақтық, республикалық жыр мүшәйраларының,  «Асыл домбыра», «Aitystar», «Жеті қазына», Біздің айтыс» атты  телевизиялық айтыстардың жүлдегері.

Салтанатты кеште белгілі қолөнер шебері, тарихшы, Арқалық қаласының құрметті азаматы Шөптібай Байділдин, музейдің ғылыми қызметкері, айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Батырлан Сағынтаев жаңа кітаптың тұсауын кесіп, бірқатар зиялы қауым өкілдерімен бірге құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының бір топ студенті ақынның өлеңдерін оқыды.

Жаңалықтармен бөлісу