Арқалық қаласының 70 жылдығына арналған логотип кескіндемесі қала орталығындағы «Наурыз» алаңына орнатылды.
Бұған дейін мәлімдегеніміздей қаланың мерейтойына арнайы логотип жасау үшін Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» байқау жариялаған болатын.
Байқау қорытындысы бойынша жерлесіміз Фархат Құрманғалиұлы ұсынған эскиз конкурс жеңімпазы деп танылған еді.
Орталық алаңға логотип кескінін орнатуға да тапсырыс беруші – Арқалық қалалық Жастар ресурстық орталығы.

Жарияланған конкурс негізінде «Өтеген» жеке кәсіпкерлігі осы жұмыстармен айналысып, логотиптің нұсқасын кескіндеп шығарды.

«Он жылға жуық уақыттан бері осындай кәсіп түрімен айналысып келемін. Астанада ірі компаниялардың тапсырыстарын орындадым. Арқалықта да қалалық мәдениет сарайы мен Абай аллэясында қолтаңбам бар. Кеше автордың өзі келіп көріп кетті. Көрген жандар жақсы дүние шығыпты деп ризашылықтарын білдіріп жатыр», –дейді жеке кәсіпкер Сәрсенбай Өтегенов.
Сәрсенбай Амангелді ауданының тумасы. Екі баланың әкесі, алтын қолды шебер осылайша еліміздің гүлденуіне бір кісідей үлес қосып жүр.
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген — автор
Арқалық қаласы
