Арқалықты ән-күйге бөледі

Арқалықты ән-күйге бөледі

Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филормониясы қала жұртшылығына «Арқалықтың ақ таңы»атты концерттік бағдарламасын ұсынды.
Бұл ұжым арқалықтықтарға етене таныс деуге болады.Себебі,талай мәрте келіп,киелі сахнасында өнер көрсетіп жүр.Алайда,Назымбек Молдахметов атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің толық құрамда келіп отырғаны алғаш рет.

Өнерлі ұжым сағаттар бойы әсем ән мен тәтті күйдің тиегін ағытты. Көрермен ыстық ықыласпен сілтідей тынып,тапжылмай тамашалады. Әр нөмір орындалған сайын зор қошемет көрсетіп, гүл шоқтары өнерпаздардың құшағын толтырды.

blank

Репертуарлары өте бай ұжым дәстүрлі халық әндері мен күйлерін нәшіне келтіре,жүректі бойлай,жанды елжіретіп орындады. Жерлес композиторларымыздың шығармаларына да көптеп кезек берілді.Әлемдік классикалар да сыршыл әуезімен баурады.

blank

Концерт соңында өнерді өрістеткен ұжымға қала әкімінің ықылас гүлі мен алғыс хаты салтанатты түрде табысталды. Қала әкімі Әмірхан Асанов ұлттық өнердің туын нық ұстаған ұжымға табыс тіледі.

blankФилормония басшысы Бағдат Оспанов өнерге бас иіп,өнерпаздарды құшақ жая қарсы алған елге,ел ағаларына алғысын білдірді.Қала басшылығына,өнер ұжымдарына облыстық мәдениет басқармасының алғыс хатын табыс етті.

blank

«Сексен жылдық тарихы бар өнер ордасы қазір нағыз бабында. Жастар алдыңғы толқынның ізін сәтті жалғап,қадамдарын нық басып келеді», –   дейді Бағдат Сырбайұлы.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank   blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген-автор

Арқалық қаласы