Арқалықта волейболдан ашық турнир өтті

Арқалықта волейболдан ашық турнир өтті

Арқалықта волейболдан Арысланбек Әбдіровты еске алуға арналған VІІІ қалалық ашық турнир жалауын көтерді.

Турнирдің салтанатты ашылуында спортшылар сап түзеп, барлық рәсім жоғары деңгейде көрініс тапты.blankblankblankАрысланбек Қасқырбайұлы 1987 жылы Екідің ауылында дүниеге келген. 9-сыныпты қаладағы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектептен тәмәмдап, Арқалық агротехникалық колледжінде бухгалтерлік есеп және аудит мамандығын алған. Еңбек жолын қалалық электр станциясында есепші болып бастап, АЖЭК мекемесінде бас бухгалтердің орынбасары қызметін атқарған. 2011 жылы отбасын құрып, жұбайы Гүлім Сейілбекқызымен бірге Ерасыл және Нұрасыл атты перзенттерін дүниеге әкелген. Мектеп қабырғасынан бастап спортпен шұғылданып, қалалық волейбол құрама командасы сапында өзінің белсенділігімен көзге түсті. Өкінішке қарай, айтулы азамат 2015 жылы жол апатынан мезгілсіз дүниеден озды. Содан бері жыл сайын Арсыланбек Қасқырбайұлын еске алуға арналған қалалық турнир өткізіліп келеді.blankblankblank

  «Биылғы жарыстың деңгейі өте жоғары болды. Өйткені командалар күшті құраммен жасақталып келген. Сонау Алматы қаласынан да спортшылар келіп қатысты. Жүлде қоры да өте қомақты болды», – дейді қалалық Дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Айтжан Өміржанұлы.

blankТурнирге өзге өңірлерден 7 команда келді. Барлығы 10 команда екі топ болып ойын өрнегін көрсетті. Біріншісі «Жігер» стадионында, екіншісі «Қазақстан» спорт кешенінде өтті.blankblankЕкі күнге созылған дүбірлі жарыста бірінші орынды Астана қаласынан ТЖМ командасы (1 миллион теңге) жеңіп алды. Екінші орынды Жангелдин ауданының командасы (500 мың теңге) қанжығаларына байлады. Үшінші орын Арқалық командасының (300 мың теңге) еншісіне бұйырды. Төртінші орынға тұрақтаған Ұлытау командасына да сыйақы (200 мың теңге) берілді.blankblankblankblankЖарыстың жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдірген бірқатар кәсіпкерлерге қала әкімінің алғыс хаттары табысталды. Іс-шара барысында марқұмның рухына құран бағышталып, ас берілді.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген – автор