Арқалықта «Үздік педагог-2025» байқауының жеңімпазы анықталды

Арқалықта «Үздік педагог-2025» байқауының жеңімпазы анықталды

Биыл бұл атақты Восточный жалпы білім беретін мектебінің ұстазы Тәттігүл Сәдуақас жеңіп алды. Жүлделі екінші орыннан №2 мектептен Гүлвира Қыпшақбаева мен №7 ЖББМ Ерсін Серікқызы, үшінші орынды Кейкі батыр атындағы №4 ЖББМ Айнұр Ерденқызы мен Ы.Алтынсарин атындағы гимназиядан Нұрдана Дәуренбекқызы иеленді.

Жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып жүретін ұстаздар қауымының орны бөлек. Байқау – білім саласында жоғары нәтижелерге жеткен, қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін анықтап, олардың жетістіктерін көпшілікке танытуды, сондай-ақ білім беру саласында жаңашыл идеялар мен заманауи әдістемелерді қолданатын үздік ұстаздарды қолдауды қарастырады.

blank blank blankАталмыш іс-шарада Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді оқыту бөлімінің қалалық тілдерді оқыту орталығы директоры Алмагүл Жұмабаева алғы сөз сөйлеп, барша жүлдегерлерге арнайы диплом және ақшалай сыйақы табыс етті.

blank

blank

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік — әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жалын» жастар ұйымы» ҚБ ұйымдастыруымен «ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2025» қалалық байқауының марапаттау кеші осылайша көрініс тапты.

«Ұстаз – білімнің кілтін ашатын, тәрбиенің дәнін егетін адам жанының бағбаны. Өзгенің бақыты үшін күресетін осындай асыл жандарға қашанда мың тағзым», – дейді ұйымдастырушылар.

Мұрат Жүнісұлы  

                                                                                                  Арқалық қаласы