29 Сәуір, 2025
Арқалықта театр күні мерекеленді

Арқалықта театр күні мерекеленді

Қаладағы облыстық қазақ жасөспірімдер театры Н.Гоголдің «Ревизор» қойылымын көрермен назарына ұсынып, көпшіліктің қошеметіне кенелді. Қойылымды қала әкімі Әмірхан Асановтың өзі бас болып тамашалады.

Театр басшысы Нұрлыбек Сапабекұлының айтуынша, театр репертуарында елуге жақын қойылым болса, ұжым жылына жүзден аса спектаклдді халықтың назарына ұсынады. Соның бірі – бүгінгі қойылып отырған комедия.

Бұл туындының тұсауы былтыр ғана кесілген болатын.

Қойылым соңында театр ұжымының үздік қызметкерлеріне сый-құрмет көрсетілді. Мерекелік марапаттарды «Аманат» партиясы Арқалық қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сабыржан Тасмағанбет табыстады.

Облыстық мәдениет басқармасының Құрмет грамотасымен театрдың бас режиссеры Ербол Абжалов пентеатр әртісі Бақыткүл Ордабаеваға берілді.

Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен және «Құрмет грамотасымен» ҚР Мәдениет қайраткері Рая Байкөбен, тазалаушылар Винира Оразалина, Айжан Қалиева,жүргізуші Қайырбай Елемесов марапатталды.

Сондай-ақ, қала әкімінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хатын» есепші Гүлдана Сәрсенбаева, кадр бөлімінің инспекторы Сәуле Жармағанбетова, әртіс Алтынай Қаби, музыка бөлімінің меңгерушісі Жанболат Сәбит иеленді.

Мерейлі шақта мереке иелерін музей, кітапхана сынды мәдени ошақтардың басшылары да құттықтап, естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын тарту етті.

«Мұндай құрметке бөленемін деп ойлаған жоқ едім. Қуанышымда шек жоқ. Белгілі өнер иелерімен қатар қарапайым еңбек адамдарының да қызметін елеп, ескеріп жатқан азаматтарға зор алғысымды білдіремін. Еліміз өркендеп, қаламыз қарыштап дами берсін. Барша отандастарыма құт-берек тілеймін», – дейді жоғары марапат иесі, театр тазалаушысы Винира Анасовна.

 Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы

 

Жаңалықтармен бөлісу