Арқалықта Республикалық турнирі өтті

Арқалықта Республикалық турнирі өтті

«Қайрат» спорт кешенінде самбо және қазақ күресінен ҚР спорт шебері Рамазан Сыздыковты еске алуға арналған дзюдо күресінен Республикалық турнир ту көтерді.

2009 — 2010 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы XVI Республикалық турнирдің салтанатты ашылуында спортшылар сап түзеп, еліміздің Әнұраны асқақтады.

Қала әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Абай Сарыбаев, Рамазан Мырзағалиұлының қарындасы, белгілі спортшы Гүлшат Сыздықова және басқалар сөз сөйлеп, даңқты палуанның туған жердің спортын биіктетуге орасан үлес қосқанын тілге тиек етті.

blank

Турнирге қолдау білдірген қала әкімдігіне, сондай-ақ қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне зор алғыстарын білдірді.

blank

 

Ауқымды додаға еліміздің әр аймағынан 18 команда, 160-қа жуық дзюдошы қатысты.

blankЖарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері спорт шеберіне үміткер нормативін орындау мүмкіндігіне ие болды. Жеңіс тұғырына көтерілген топжарған спортшылар диплом, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

                                          Мұрат Жүнісұлы                                                                                       Арқалық қаласы