Биыл Арқалық қаласында демеушілердің қолдауымен бірқатар жұмыстар қолға алынды. Әсіресе, спорт саласына көп көңіл бөлініп жатыр.
Атап айтқанда, «Жулдызай КФ» ЖШС Маясова көшесі 27 үй ауласына шахмат үстелін, «Лидер Строй 2002» ЖШС Демченко көшесі 25 үй ауласына, «Aspan Energo» ЖШС «Арқалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ауласына көше тренажері мен футбол алаңдарын орнатты.

Республика күні мерекесінде «Алюминстрой» ЖШС Қайырбеков көшесі 56 үй ауласына спорт алаңын, «Ибраева» ЖК Маясова көшесі 3 үй ауласына балалар ойын алаңын тарту етпек.
«Біраздан бері балалардың ойын алаңдарын орнатумен айналысамыз. Өзіміздің дәнекерлеу цехымыз бар. Жұмысты жылдам әрі сапалы істейміз», – дейді құрылыс мердігерлерінің бірі «Аяла» жеке кәсіпкерлігі басшысының орынбасары Асқар Төлентаев.
Игілікті істер ауылдарда да көрініс беруде. Фурманов ауылында «Анжела Б» ШҚ 5 млн теңгеге балалар ойын алаңын және «Бірлік К» ЖШС 10 млн теңгеге шағын футбол алаңын орнатуда.

Родина ауылында «Қарқын» ЖШС, «Азия» ШҚ, «Аскет» ШҚ 3 млн теңге демеушілігімен балалар ойын алаңы мен 10 көше тренажерлары орнатылуда.
Сондай – ақ, Жалғызтал ауылында «Нұрсан»ШҚ.1 млн теңгеге балалар ойын алаңын іске қоспақ.
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген – автор
Арқалық қаласы
