24 мая, 2025
Арқалықта профилактикалық іс-шаралар басталды

Арқалықта профилактикалық іс-шаралар басталды

Осы жылдың 18-21 қаңтар аралығында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Аталмыш іс-шараға Арқалық қалалық полиция басқармасы да үн қосып, жол тәртібін қадағалау жұмыстары қарқын алды.

Тәртіп сақшылары республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған. Автопотрульдер мен жеке құрам белгіленген кесте бойынша жұмыс істеуде.

 – «Қауіпсіз жол» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасының мақсаты – түрлі деңгейдегі жолдарда апаттылық деңгейін төмендету. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу. Сонымен қатар, апатты – қауіпті учаскелерде нарядты тұрақтау әдісімен, жол қозғалысы қауіпсіздігі бұзушылықтарын анықтау тәжірибесін қолданып жатырмыз», – дейді Арқалық қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімі қызметі басшысының орынбасары, полиция майоры Бекнұр Ерғазин.

Құзырлы орган өкілдері көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы мәдениетін мейлінше жіті назарда ұстау қажеттігін ескертеді.

 

   Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

                                        Арқалық қаласы