Арқалықта пойыздардың уақыты тұрақты

Арқалықта пойыздардың уақыты тұрақты

Бұған дейін белгілі бір себептерге байланысты №621/622 «Арқалық-Қостанай» пойызы біраз уақыт жұп сандары күні жүрген болатын. Вокзал басшысының айтуынша, алдағы уақытта пойыздардың жүру кестесінде тұрақтылық сақталады.

– Арқалық қаласынан жүретін жолаушылар пойыздарының кестесі бойынша бәрі  қалыпша, бұрынғы уақыттарымен жүріп жатыр, еш өзгеріс жоқ. Болашақта да дәл осы қалпында жүретіні белгілі. Қысқы жүйеге тек күзге қарай ауысады. Өткен айларда «Арқалық-Қостанай» бағытындағы пойызымыз жол жөндеу жұмыстарына орай бір айдан астам уақыт бойы күнара қатынады. Қазір қайтадан бұрынғысынша, күн сайын жүріп жатыр, – дейді Арқалық теміржол вокзалының басшысы Еркін Темірбеков.

Арқалық қаласын облыс орталығымен және ел астанасымен байланыстыратын пойыздардың келу және жөнелту уақытын еске сала кетсек, №079/080 «Арқалық-Астана» және «Астана-Арқалық» пойызы Арқалыққа сағат 08:47-де келіп, 11:44-те жолға шығады. Сондай-ақ, №655/656 елордалық пойызы қалаға сағат 07:54-те келіп, 19:25-те Астанаға аттанады. Айта кетерлігі, бұл пойызда «Арқалық-Айсары» тіркеме вагоны бар. Оның көмегімен әр айдың 3-і мен17-сі күндері Павлодарға баратын жолды қысқартуға болады. Ал, №621/622 «Арқалық-Қостанай» және «Қостанай-Арқалық» пойызы қалаға сағат 06:40-та келіп, қарсы бағытқа 18:02-де шығады. Сонымен қатар, Арқалықтан Шұбаркөл стансасына дейін де тұрақты түрде жолаушылар тасымалданады. Ол пойыз қалаға 17:24-те келіп, Арқалық вокзалынан 07:25-те қайта жолға шығады.

 

Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу