1 июня, 2025
Арқалықта өзге ұлт өкілдері бақ сынады

Арқалықта өзге ұлт өкілдері бақ сынады

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Арқалық қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Тілдерді оқыту» орталығында өзге ұлт өкілдері арасында «Бір шаңырақ астында» атты сайыс өтті.

Сайысқа білім беру саласында еңбек жолдарын бастап жүрген жас мамандар қатысты. Атап айтқанда, «Арқалық политехникалық колледжінен Алексей Руденко (ұлты Украин), Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебіненЛюбовь Самотина (Орыс), №2 жалпы білім беретін мектебінен Алина Сиразиева (Татар),Н.Құлжанов атындағы Торғай гуманитарлық колледжінен Мария Реябчинская (Орыс), А. Байтұрсынов атындағы бастауышгимназияданЛюбовь Васецкая (Орыс) бақтарын сынады. Үміткерлердің реттік саны жеребе тарту арқылы анықталды.

Қалалық тілдерді оқыту орталығының басшысы Абзал Қожахметов, қалалық Мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Миргүл Мұсабекова, №2 облыстық әмбебап — ғылыми кітапхананың бөлім меңгерушісі Сандуғаш Есмағанбетовалар сайысқа қазылық жасады.

 

 

Қатысушылар «Өзін таныстыру»,«Өз өнерін көрсету»,«Әр ұлттың ұлттық тағамдары» және «Сұрақ-жауап» сынды 4 кезең бойынша бақтарын сынап, ұлттық тағамдарының дайындалу жолдарын да түсіндіріп берді.

«Сұрақ-жауап» сайысында берілген сұрақ- тапсырмалардың жауабын тауып, өздерінің білім деңгейін көрсетті.

Сайыс қорытындысында сан сыннан сүрінбеген іскер де білікті маман Алексей Руденко бас жүлдені жеңіп алды.Жүлдегерлер дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ 

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы