Арқалықта Кәсіпкерлер күні атап өтілді

Арқалықта Кәсіпкерлер күні атап өтілді

Биылдан бастап 29 қазан ресми түрде — Қазақстанның кәсіпкерлері күні болып белгіленді. Бұл күн еліміздің дамуына үлес қосып келе жатқан кәсіпкерлік саласы өкілдерінің құрметін арттыратын сәттермен көрініс таппақ.

  Бүгінде елімізде 2 миллион 300 мыңнан астам бизнес субъектісі тіркелген болса, Арқалық қаласында 2 мың 475  жеке кәсіпкерліктері өз қызметтерін белсенді жүзеге асыруда. Қалалық Мәдениет сарайында өткен салтанатты жиында мереке иелерін қала әкімі Әмірхан Асанов құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

«Қаламызда да шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау шаралары жалғасып келеді. Биылдың өзінде Арқалық қаласының кәсіпкерлері «Бизнес көмек» бағдарламасы аясында түрлі бағыттағы 8 жобаны жүзеге асыру үшін 445 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несиеге ие болды. Бұл жобалардың қатарында асфальтбетон зауытын орнату, мал шаруашылығын дамыту, қонақ үй және тойхана бизнесі, тігін цехы, жүк тасымалы, бөтелкедегі су шығару сынды кәсіп түрлері бар. Осының нәтижесінде 113 адамға тұрақты жұмыс көздері ашылатын болады. Бұл аталған жобалардың бірқатары бүгінде өз жұмыстарын бастап та кетті»,-деп атап өтті қала әкімі Әмірхан Асанов.

   Нәсіптерін кәсіптен тапқан шағын және орта бизнес өкілдері қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершіліктерін де ұмытқан емес. Биылдың өзінде жасалған меморандум негізінде кәсіпкерлер 77 миллион теңге қаржаттарына қала бойынша шағын футбол алаңы және көше тренажерлары, балалар ойын алаңы мен шахмат үстелі сынды нысандарды салып берді.blankblankМұнымен қоса ағымдағы жылы мемлекеттік кәсіпкерлерді колдау бағдарламасы негізінде Арқалық қаласында шахмат пен бокс спортын дамыту, әлеуметтік осал топтағы балаларға массаж қызметін көрсету сынды бизнес түрлерін жүзеге асыру үшін «Мүсілім», «Әбілтаев» және «Ибраев» сынды жеке кәсіпкерлер барлығы 14 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант иеленді. 2025 жылы 32 жеке кәсіпкерге бизнестерін жүргізу үшін  аукцион арқылы жалпы ауданы 38,5 гектар  жер телімдері берілді. Бұдан бөлек осы жылы жалпы құны 1 млрд. 536 млн. теңгеге:  сауда орталығын, сауда қоймасы мен дәмхана салу, қонақ үй және тойхана кешенінің құрылысын жүргізу, «Hanzada» кемпингін салу сынды 6 жоба іске асырылуда.blankblankblankblank

Арқалықтық кәсіпкерлер мәдени-қоғамдық іс — шараларға да үнемі демеуші болып келеді. Қала басшысы атап өткендей «Ұлттық домбыра күні», Арқалық қаласының құрылған күндерін өткізуге, Алаш ардақтысы Міржақыр Дулатұлының 140 жылдығына арналған дүбірлі тойға 50 миллион теңгеден астам қаржат көлемінде өз қолдауларын көрсетті.blankМереке иелерін салтанатты марапаттаудан кейін қала өнерпаздарының және Қазақстанның эстрада жұлдызы Ғаділбек Жанайдың орындауында ән-күй, мың бұралған би ұсынылды.blankblankblank

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген – автор