Арқалықта даңқты жерлесімізге құрмет көрсетілді

Арқалықта даңқты жерлесімізге құрмет көрсетілді

Қала әкімі Әмірхан Асанов ел намысын асқақтатып Дубайдан жеңіспен оралған жерлесімізді қабылдап, құрмет көрсетті.

Еске сала кетсек, Біріккен Араб Әмірліктерінде арнайы қызметтер арасында өткен UAE SWAT CHELLENGE — 2026 халықаралық турнирінде 48 елден 100-ден астам команда қатысып, өзара бақ сынаған болатын. Осынау байрақты бәсекеде жұлдыздай жарқырап, қарсыластарынан басым түскен Қазақстан командасының құрамында жерлесіміз Бақыткерей Оразбеков те болған еді.

blank Нәтижесінде, еліміздің командасы 1 – ші орынды жеңіп алған болатын. Сол жарыста жоғары әскер дайындығын көрсеткен жауынгерлердің еңбегі ерекше құрметке лайық.

Үлкен додадан жеңіспен оралып, ел абыройын көтерген азаматты қала әкімі Әмірхан Асанов арнайы қабылдап, жеңісімен құттықтап, сый – құрмет көрсеті. Мемлекеттің мәртебесін арттырған азаматқа Алғыс хаты мен қаржылай сыйлық табыс етті.

blank

«Бізді қолдап отырған еліме, отбасыма алғысым шексіз. Жастарға айтарым, қай салада болмасын еңбек пен тәртіп бәрінен биік», – дейді Бақыткерей Бақытбекұлы.

Бақыткерей Оразбеков 1992 жылы көршілес Амангелді ауданында дүниеге келген. 2008 — 2011 жылдары Арқалық қаласындағы Экономика колледжінде (қазіргі көпсалалы колледж) білім алған.

Бүгінде даңқты жерлесіміз отбасымен Астана қаласында тұрады. Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Президентінің Күзет қызметінде жұмыс істейді. Айтулы жеңісі үшін ҚР Президентінің «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                         Арқалық қаласы