Арқалықта білім беру қызметкерлерінің «Тамыз кеңесі» өтті

Арқалықта білім беру қызметкерлерінің «Тамыз кеңесі» өтті

Кеңеске қала әкімі Әмірхан Асанов, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің басқарма төрағасы Талғат Ещжанов және 500-ге жуық педагогтер қатысты.

Арқалық қаласы 2026-2027 оқу жылын 6498 оқушымен, яғни: 24 мектеп, 1 мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты, 3 қосымша білім беру мекемесі, 9 мектепке дейінгі мекемелермен бастағалы отыр. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде 9 балабақшада 1105 тәрбиеленуші қамтылған. Сонымен қатар,14 шағын орталық жұмыс істейді.

Дәстүрлі іс-шарада өткен оқу жылына талдау жасалып, алда атқарылуы тиіс жұмыстарға бағыт — бағдар ұсынылды. Алғашқы құттықтау сөз қала әкімі Әмірхан Біркенұлына беріліді.

«Мектеп – тек білім беретін орта ғана емес, жас ұрпақтың дүниетанымы мен азаматтық ұстанымы қалыптасатын маңызды орта. Сондықтан білім сапасын арттырумен қатар, оқушылардың бойына жауапкершілік, еңбекқорлық, өзара құрмет пен елге деген сүйіспеншілік сияқты құндылықтарды сіңіру – баршамызға ортақ міндет. Жаңа оқу жылында әрбір баланың сапалы білім алуына жағдай жасау, оның қабілетін дамыту, педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру және заман талабына сай білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады. Сапалы білім – тұлғаның болашағына жол ашады, берік құндылық – қоғамның негізін қалыптастырады,ал табысты тұлға – елдің дамуына үлес қосады», — деді қала әкімі Әмірхан Асанов.

Арқалық қаласы білім бөлімінің басшысы Есламбек Мәметеков «Білім сапасы, педагог әлеуеті, оқушы жетістігі: жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттер», Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы Талғат Есмаханбетұлына «Мектеп пен университет сабақтастығының жаңа моделі: клиникалық мектеп жобасы», Арқалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының меңгерушісі Айнұр Іздібаева «Баланы қолдаудан табысты бейімделуге дейін: инклюзивті білім беру ортасын қалыптастырудың өңірлік тетіктері», А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның директоры Қарлығаш Қозбағарова «Тірек және магниттік мектептер: білім сапасын арттырудағы өзара серіктестік» тақырыптарында баяндама жасады.

blank blank blank blank blank blank

blank blank blank

Келесі кезекте қала әкімі Әмірхан Асанов үздік педагогтерді салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

blank blank blank blank blank blank blank

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Үздік орта білім беру ұйымы» республикалық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы Ы.Алтынсарин атындағы гимназияға 1 миллион 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.

ҚР оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен қалалық білім бөлімінің әдіскерлері Гүлнұр

Сүйінбекова мен Назерке Мұханбетқалиева, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің директоры Жақсыгүл Бөлтірікова, «Ақбота» бөбекжайының әдіскері Сайра Молдағалиева және Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Арқалық арнайы мектеп-интернатының медициналық қызметкері Жаңагүл Ақбарова марапатталды. Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы қалалық білім бөлімінің әдіскері Жұлдызай Мұратәліқызына, А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның химия пәні мұғалімі Салтанат Жұмабайқызына, Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Арқалық арнайы мектеп-интернатының қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Төлеухан Ғабдуәлиге табысталды. Ұлағатты ұстаздар қауымы қала әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарына да көптеп ие болды.

 Мұрат Жүнісұлы

 Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                            Арқалық қаласы