Арқалықта бес қабатты заманауи жаңа архив ғимараты бой көтереді

Арқалықта бес қабатты заманауи жаңа архив ғимараты бой көтереді

Жалпы, Арқалық өңірлік архивінің алпыс жылға жақын тарихы бар. Мемлекеттік архив осы уақыт ішінде тарихи деректі сақтауға лайық емес ғимараттарға  тоғыз рет көшіріліп келді.

Құжаттарды одан әрі қабылдау және сақтау үшін  алдағы жылы қала орталығынан арнайы архив ғимаратын салу жоспарланып отыр.

Арқалық өңірлік архивінің басшысы Сағидолла Байгенжиннің мәлімдеуінше, қазіргі таңда облыстық бюджеттен архив ғимаратын салуға жобалық – сметалық құжаттарға 27 млн теңге қаражат бөлінді. 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жер учаскесінің жер кадастрлық жоспары негізінде Арқалық қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі №334 қаулысымен Арқалық өңірлік мемлекеттік архивіне Арқалық қаласының Абай даңғылы бойынан архив салу үшін үш жыл мерзімге тиісті жер телімі берілді. Осы мақсатқа,  500 мың сақтау бірлігіне арналған Арқалық өңірлік мемлекеттік архив ғимаратының құрылысына «Әсем Жоба Құрылыс» ЖШС эскиздік жоба дайындады.

«Қаламыздан жеке архив ғимаратының салынуы өте қуанышты жағдай. Осы уақытқа дейін жүйеге сай емес ғимараттарды жалға алып және оған жыл сайын миллиондаған қаржы төлеп келдік. Соған қарамастан, жұмысымызды ілгерілетіп, жақсы нәтижеге ие болып келеміз. Былтыр Қостанай облыстық архив қызметінің 100 жылдығы, «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» ҚР Заңының қабылданғанына 25 жыл толуына орай өткізілген облыстық «Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мен облыстық архивтің сараптамасы бойыншаАрқалық өңірлік мемлекеттік архивіүздік үштіктің қатарынан көрінді», – дейді өңірлік архив басшысы Сағидолла Кәкенұлы.

2024 жылдың 1 қаңтарына текті Арқалық өңірлік архивінің қорында Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын іріктеу, құндылығын сақтау бойынша 637 қор,153 мың 824 сақтау бірлігі және басқа да құжаттар сақталған.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Арқалық қаласы

 

Жаңалықтармен бөлісу