Арқалықта БАҚ қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Арқалықта БАҚ қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

«Арқалық хабары» газетінің тілшісі Виталий Саяпин мен «Арқа дидары» телеарнасының операторы Нұрислам Сәкенұлына ақпарат саласындағы табысты еңбектері үшін қала әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді.

Мемлекеттік қызметтегі абыройлы еңбегі үшін Сапаржан Нұрғалиұлы мен Ақерке Хамзинаға облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің Алғыс хаттары табысталды.

blank blank

Сондай – ақ, «Мемлекеттік қызмет — болашақтың бейнесі» атты балалар суретінің шығармашылық байқауына белсене қатысқаны үшін Айсұлтан Өмірханның әкесі Үштөбе ауылы әкімі аппаратының бас маманы Теміржан Өмірханұлы, осындай мәтінде Инабат Досымханның анасы Арқалық қаласы әкімі аппаратының кадрлық жұмыс бөлімінің штаттан тыс қызметкері Айдана Махатова марапатталды.

blank blank

Қала әкімі марапат иелерінің мадақтамаларын салтанатты түрде табыстап, еңбектеріне табыс тіледі.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                                         Арқалық қаласы