28 июня, 2025
Арқалықта балалар күні аталып өтілді

Арқалықта балалар күні аталып өтілді

Жаздың алғашқы күнінде Арқалықтың кішкентай тұрғындарына арналған «Әрқашан күн сөнбесін» атты мерекелік іс-шараны қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі мен мемлекеттік тапсырыс аясында «Жақсылық» оңалту орталығы ұйымдастырды.

Балалар күні сонау ХХ ғасырдың елуінші жылдарынан бері мерекеленіп келеді. Ел болашағы үшін маңызды мерекеде қала әкімі Әмірхан Асанов құттықтау сөз сөйлеп, әр шаңыраққа амандық, балалардың жүзіне шат күлкі тіледі.

Қалада жас ұрпақтың қалыпты өсуі үшін көптеген игілікті істер қолға алынуда. Мемлекет тарапынан ерекше балалардың да әлеуметтік мәселелері шешілуде.

Қала басшысы атап өткендей Арқалық өңірлік ауруханасында балаларға арналған медициналық оңалту және қалпына келтіру бөлімшесін ашу жоспарлануда. Ерекше балаларға 2025 жылы 18 миллион 700 мың теңге қаржы қарастырылып «инватакси» қызметін көрсетуде.

Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 7 миллион 700 мың теңге қаржы қарастырылып, мерекелік іс — шаралар ұйымдастырылуда. Қалада 250 мүгедектігі бар балаға бюджеттен 306 миллион теңге қаржы бөлініп, техникалық құралдар сатып алуға және шипажайға баруға көмектер берілуде.

Балаларды қорғау күні «Демалыс саябағында ән-жыр үзілмей, түрлі атракциондар, сауда-саттық жұмыс істеп, қала тұрғындары мен қонақтары көңілді серуендеуде.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы