Арқалық қалалық төтенше жағдайлар қызметінің мәлімдеуінше оқиға 1 сәуір 2024 жылы сағат 16:30 – дар шамасында болған.
1969 жылы туған Қ.Е. Үсенов есімді «Меруерт» шаруа қожалығының жұмысшысы белгісіз жағдайда еріген қар суы ағып жатқан жолды кесіп өпекші болғанда құлап, су аңғарына батып кеткен.
Арқалық қалалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті тауып, қалалық полиция басқармасы қызметкерлерінің қолына тапсырған.
Оқиға орнында жеке құрамнан 10 адам, 2 техника, ТЖБ 1 суда жүзу құралы, полиция басқармасы жеке құрамынан 15 адам, 4 техника жұмыс істеген.
Төтенше жағдайлар қызметі адамдарды апатты жағдайлардан абай болуды ескертеді.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы