Арқалықта әр саланың мамандары нәзік жандыларға өнер көрсетті

Арқалықта әр саланың мамандары нәзік жандыларға өнер көрсетті

Арқалықта аналар мейрамына орай салтанатты жиын өтті. «Әйелмен әлем әдемі» атты мерекелік концерттік бағдарламаның ашылуында қала әкімі Әмірхан Асанов құттықтау сөз сөйлеп, еңбегімен елге сыйлы болып жүрген қыз-келіншектерге марапаттар табыс етті.

Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапхана ісінің ардагері Роза Жанғалиева Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен наградталды.

Фурманов ауылы әкімі аппаратының бас маманы Салтанат Жұманова мен Арқалық қаласы әкімі аппаратының бас маманы Айман Бекжановалар Қостанай облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

blankblankblankblankМерейлі шақта сан салада қызмет істейтін нәзік жандылар қала әкімінің мадақтамаларына да көптеп ие болды.

blankМерекелік кеште ер азаматтар аруларға деген ілтипатын әсем әнмен әрлеп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blankҚала әкімі Әмірхан Біркенұлы өзі бастап сахнада ән салып, қалалық мәслихаттың депутаты, Арқалық жылу электр орталығының директоры Жасұлан Әбдірахманов, «Жасұлан» жасөспірімдер орталығының директоры Ербол Қабылдин және ауыл әкімдері де әуелете ән шырқады. Сондай-ақ, Арқалық қалалық ішкі істер басқармасының, Б.Байқадамов атындағы музыка мектебінің ерлерден құралған өнерлі топтары ән — күйдің көрігін қыздырды.

blank

blank

Әдеттегідей қаладағы облыстық қазақ жасөспірімдер театрының сахналық қойылымы аса әсерлі шығып, лед экраннан жүрек қылын тербейтін көріністер көрсетілді.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                         Арқалық қаласы